Астанада Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді
Сурет: akorda.kz
13 қазан күні еліміздің астанасында Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің VI саммиті өтеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, бұл халықаралық форумға АӨСШК мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары қатысады.
Саммит аясында ықпалдастықтың өзекті мәселелері мен осы ұйым қызметінің басым бағыттарын талқылау жоспарланып отыр, – делінген ақпараттық хабарламада.
Шараға Әзербайжан, Ирак, Иран, Қазақстан, Қатар, Қырғызстан, Палестина, Ресей, Тәжікстан, Түркия, Өзбекстан және Беларусь басшылары, Вьетнам вице-президенті және Қытай вице-президенті қатысады.
12 қазанда Шавкат Мирзиёев, Садыр Жапаров, Ильхам Әлиев Астанаға келді. Сондай-ақ Қазақстан астанасына Режеп Тайип Ердоған, Александр Лукашенко, Эмомали Рахмон, Қатар әмірі мен Эбрахим Раиси сапарлап келді.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript