Жаңалықтар тізбегі
0

Мемлекет басшысы: Елімізде заң үстемдігі болуға тиіс

Мемлекет басшысы: Елімізде заң үстемдігі болуға тиіс, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.10.2022 12:16 Сурет: freepik
Қасым-Жомарт Тоқаевтың сөзінше, президент әкімшілігінде азаматтардың өтінішін қабылдаумен және олардың талап-тілектерін қарастыруымен айналысатын арнайы бөлім бар. Бұл жұмысты ол өз бақылауында ұстайтынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
Елдің президенті ретінде, мен үшін әділдік – ең жоғары құндылық. Биылғы 9 айда менің атыма 41 мың өтініш келіп түсті, олардың әрбір төртіншісі құқық қорғау органдарының қызметіне және сот шешімдеріне қатысты. Бұл құқықтық реформаны жалғастырудың маңыздылығын көрсетеді. Сондықтан елімізде заң үстемдігі болуға тиіс. Онсыз қоғамдық тәртіп орнату мүмкін емес. Тоқаев

Президенттің айтуынша, ішкі саясатымызда заң мен тәртіпті басшылыққа аламыз. Тек сонда ғана біз азаматтарымыздың игілігіне бағытталған экономикалық реформаларды тиімді жүргізу үшін қолайлы жағдай жасай аламыз.

Заң мен тәртіп мемлекетіміздің беделіне шын мәнінде нұқсан келтірген қайғылы қаңтар оқиғасының қайталануына жол бермеуге мүмкіндік береді. Одан сабақ алу керек және бұзақылар мен лаңкестерден батыр жасаудың еш қажеті жоқ. Белгілі бір күштердің жетегіне ерген және кішігірім қылмыстар жасағандарға рақымшылық жарияладым. Біз президенттік басқару үлгісін ұстанамыз. Парламенттің рөлін арттыра түсеміз. Осы орайда, мен мына мәселеге ерекше назар аударғым келеді.Мемлекет басшысы

Ол сонымен қатар елімізде қоғамдық бақылауды барынша күшейту қажет екенін айтты. Бүгінде еліміз бойынша 256 қоғамдық кеңес бар. Былтыр "Қоғамдық кеңестер туралы" заңға өзгерістер енгізілді. Олардың құзыры едәуір кеңейді.

Мен осы салаға азаматтық қоғам өкілдерін көптеп тартуды тапсырдым. Қазір олардың үлесі 86%-ға жетті.Тоқаев

Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтай құрылғанын да еске салды. Оның айтуынша, мұндай қоғамдық кеңестер халық пен биліктің арасындағы дәнекерге айналуға тиіс. Келісім болса, кез-келген мәселенің шешімі табылады.

Сондықтан халықтың өкілі ретінде белсене жұмыс істеу қажет. Тұрғындар өздеріңіз арқылы мемлекет басқару ісіне қатысады. Қоғамдық бақылауды жүзеге асырады. Бюджет қаражатының қалай жұмсалып жатқанын қадағалайды. Өзекті мәселелерді билік органдарына жеткізеді. Осылайша, қоғамдық кеңес елге мемлекет саясатын түсіндіреді. Бір сөзбен айтқанда, қоғамдық кеңестерге зор жауапкершілік жүктеліп отыр. Халық өз пікірін билікке келелі кеңестер арқылы жеткізуі керек. Сондықтан мемлекеттік органдармен бірлесіп, үйлесімді жұмыс жасау қажет. Қасым-Жомарт Тоқаев
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: