Президент боксшы Айдос Ербосынұлына қолдау жеделхатын жолдады
Сурет: Instagram/yerbossynuly_aidos
Мемлекет басшысы нағыз білек пен жүректі талап ететін спорт түрімен кәсіби түрде шұғылданып жүрген Айдос Ербосынұлына қолдау білдірді, деп хабарлайды Zakon.kz.
Кубалық боксшымен жекпе-жегіңізде бүкіл қазақстандық жанкүйер Сізге тілекші болды. Бәсеке болған жерде жеңіс пен бірге сәтсіздіктің де болатыны заңдылық. Ең бастысы – деннің саулығы. Тезірек сауығып, ортамызға оралып, отандық бокстың дамуына үлесіңізді қоса беретініңізге сенім білдіремін, – деп жазылған жеделхатта.
Бұған дейін Suleimen Promotions компаниясы Айдос Ербосынұлының жағдайы туралы ресми мәлімдеме жасады.
"Әлем чемпионы атағы үшін өткен жекпе-жектен кейін Айдос Ербосынұлы Миннеаполистегі ең үздік клиникаға орналастырылды. Дәрігерлердің айтуынша, өміріне қауіп жоқ, ол екі аптаға жуық бақылауда болады", - деп хабарлады қазақстандық спортшының промоутері.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript