Елімізде 23 градусқа дейін аяз болады

қар, аяз, қыс, сурет - Zakon.kz жаңалық 18.11.2022 12:12 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанның 19-21 қарашасына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республиканың басым бөлігінде жауын-шашын. Солтүстікте қар, республиканың қалған бөлігінде жаңбыр мен қар болады.

20 қарашада республиканың шығысында қалың қар жауады. Оңтүстік-шығыста қатты жауын-шашын түседі деп болжанды.

Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ, тұман болады. Солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта бұрқасын болмақ.

Ауа температурасы түнде солтүстік-батыста және солтүстікте -15...-23°С, шығыста -12...-20°С дейін төмендейді деп болжанды.

Мақаламен бөлісу
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: