Қараша айында елімізде 25 градусқа дейін аяз болады

Қазақстан бойынша күн суытады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.11.2022 10:11 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2022 жылдың қараша айына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қараша айында елімізде ауа температурасы климаттық нормада болады деп болжануда.

Қазақстанның батыс жартысында жауын-шашын нормадан аз, шығыс жартысында нормаға жақын болады деп күтілуде.

Қараша айының басында жаңбыр мен бұрқасын күтіледі, республиканың оңтүстігінде негізінен жаңбыр жауады.

Ең көп жауын-шашын еліміздің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталығында болады.

Жел 15-28 м/с күшейеді, кей жерлерде көктайғақ болуы мүмкін.

Қарашаның алғашқы күндерінде Қазақстан аумағында ауа температурасы түнде -5...+5°С, күндіз +1...+9°С, республиканың оңтүстігі мен оңтүстік-шығысында +9°С жылы болады.

«Қазгидромет» РМК мәліметі бойынша бірінші онкүндіктің ортасынан бастап белсенді циклон Қазақстан аумағынан шығысқа қарай жылжиды, осы циклоннан кейін Қара теңіз өңірлерінен антициклон таралып, жауын-шашынның тоқтауына әкеліп соғады.

Ауа температурасының біртіндеп төмендеуі де күтілуде:

  • солтүстік жартысында түнде -3...-13°С, күндіз -5...+2°С,

  • оңтүстік жартысында түнде -5...+2°С, күндіз 0...+8°С дейін.

Айдың екінші және үшінші онкүндігінде Қазақстан аумағына солтүстік теңіздер, Батыс және Шығыс Сібір аудандарынан суық ауа массалары жиі түседі, тұрақсыз ауа райы болжанады. Термометрлер төмендейді:

батыс, солтүстік, орталық және шығыс облыстарда түнде -17...-25°С, күндіз -5...-12°С дейін;

Республиканың оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында түнде -10...-17°С, күндіз -3...-10°С дейін.

Ауа райы болжамына сәйкес, Қазақстан аумағына Атлант және Иран аймақтарынан ауа массалары келетін жылы күндер де болады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: