Қазақстанға 25 градусқа дейін аяз келеді

Қазақстанда күн суытады, синоптиктер болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.01.2024 11:07 Сурет: pixabay
Синоптиктер Қазақстанда 2024 жылдың 4-6 қаңтарына арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Еліміздің басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады. Синоптиктердің болжауынша, жауын-шашын: негізінен қар, боран, көктайғақ, екпінді жел түрінде болады.

"Тек елдің оңтүстік-шығысында ауа райы жауын-шашынсыз болады деп күтілуде", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК.

Синоптиктердің хабарлауынша, республиканың солтүстік-батысында және солтүстігінде ауа температурасы түнде 0-13°-тан -5-25°-қа дейін ауытқиды деп күтілуде.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: