Жаңалықтар тізбегі
0

Бас прокуратура Қазақстанда сайлау кезінде қалыптасқан жағдайды баяндады

Есеп, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.11.2022 21:49 Сурет: ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі
Бас прокуратура басқармасының бастығы Азамат Сарғазин телемарафон кезінде кезектен тыс президенттік сайлау кезінде Қазақстандағы қалыптасқан жағдайға тоқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Азамат Сарғазиннің айтуынша, Конституцияға және басқа да заңнамалық актілерге сәйкес прокуратура президент сайлауын өткізу процесінің заңдылығын қамтамасыз ету бойынша барлық қажетті шараларды қабылдады. Ол сайлау процесіне барлық қатысушылардың заңнама талаптарын және азаматтардың сайлау құқықтарын мүлтіксіз сақтау мәселелері ведомство жұмысының басты назарында екенін атап өтті.

Жалпы, сайлау науқаны мен дауыс беру процесінің өзі тыныш жағдайда өтті. Азаматтардың дауыс беру құқығын тікелей іске асыруға келтірілген кедергі бойынша шағымдар мен өтініштер келіп түскен жоқ. ҚР Бас прокуратурасының ресми өкілі Азамат Сарғазин

Дауыс беру басталғаннан бері бір күн ішінде прокуратура органдарына үш өтініш келіп түсті: Ақмола және Ақтөбе облыстарынан бір-бірден және Астанадан біреу.

  • Бас прокуратураға келіп түскен өтініш ІІМ-ге жолданды, өйткені онда арыз иесі ұлттық араздықты жария түрде қоздыру фактісі бойынша шаралар қабылдауды сұраған.

  • Екіншісі Ақмола облысының прокуратурасына дауыс беру тәртібіне шағымданған Көкшетау қаласының тұрғындарынан келіп түсті, оны қарау үшін Көкшетау қаласының аумақтық сайлау комиссиясына берілді.

  • Үшіншісі прокуратураға байқаушыдан келіп түсті. Ол сайлау учаскесіндегі дауыс беруге арналған орыннан өзін негізсіз шығаруға шағымданған. Ол да мән-мазмұнына байланысты Ақтөбе қаласының аумақтық сайлау комиссиясына табысталды.

Сонымен қатар, соттарға да шағымдар келіп түсті. Барлығы - екеуі.

  • Жоғарғы сотқа Алматы қаласының тұрғынынан кезектен тыс сайлауды өткізуге қатысты талап-арыз келіп түсті. Жоғарғы сот бұл талапты кері қайтарды.

  • Екінші талап Астана қаласының мамандандырылған ауданаралық әкімшілік сотына "Еркіндік қанаты" ҚҚ өкілінен келіп түсті. Ол Астана қаласының №375 учаскелік сайлау комиссиясының төрағасына байқаушыны шеттету әрекетін заңсыз деп тануды талап еткен. Ол мәселе әлі сот процесінде, шешім қабылданған жоқ.

Осының барлығын қорытындылай келе, Сарғазин сайлау науқаны мен дауыс беру процесінің өзі тыныш жағдайда өткенін атап өтті. Азаматтардың дауыс беру құқығын тікелей жүзеге асыруда келтірілген кедергі туралы шағымдары мен өтініштері жоқ.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті төрағасының орынбасары Жандос Мұратәлиев сот органдары рұқсат етілмеген митингілерді өткізуге және оған қатысуға шақырған төрт адамды әкімшілік жауапкершілікке тартқанын айтты. Ол жергілікті атқарушы органдар мен прокурорлар бұл азаматтарға наразылық акцияларының заңсыздығы туралы алдында бірнеше рет ескерткенін еске салды. Жандос Мұратәлиев елдегі дауыс беру процесінің аяқталуына дейін жағдай тұрақты болғанын, полиция күшейтілген режимде жұмысын жалғастырып жатқанын атап өтті.

2022 жылы 20 қарашада Қазақстанда президенттің кезектен тыс сайлауы өтіп жатыр. ОСК деректері бойынша сайлаушылар тізіміне 11 950 485 Қазақстан азаматы тіркелген.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: