Жаңалықтар тізбегі
0

Саясаттанушы ұлықтау рәсіміндегі Президент байрағына қатысты пікір білдірді

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.11.2022 16:24 Сурет: Facebook/Talgat Kaliyev
Саясаттанушы Талғат Қалиев ҚР Президентін ұлықтау рәсімінде ортаға әкелінген Президент байрағына байланысты пікір білдірді. Бұрын оның Назарбаевтан қайта сол Назарбаевқа өтетінін де айта кетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
Бүгін Президент байрағының мәні мен мағынасы жайлы алғаш рет шындап ойланып отырмын. Бұрын ол Назарбаевтан сол Назарбаевқа қайта көшетін. Содан кейін де болар, бұған дейін де өзіне тиесілі болып келген билік символын табыстаудан қандай да бір мән-мағына сезілмейтін. Енді оның келесі президенттерге және одан кейінгі президенттерге қалай өтетінін елестетуге болады. Иә, сондай мүмкіндік те туды бізге. Енді әркезде әркім оны өзінше толқып, тарих алдындағы жауапкершілігін түйсіне отырып, қабылдайды, деп жазды Талғат Қалиев Facebook-тегі парақшасында.

Сондай-ақ ол сайлау лоторея ойыны секілді екенін айтады.

Бұл айтқаным, әрине, пафос болып көрінер. Дегенмен мемлекеттілік пен билік ұғымының мән-мағынасының түпкі-төркінінде де пафос жатқан жоқ па? Мәселен, кейбіреулер үшін билік - бұл артықшылық, өзгелердің төбесінен қарау тәсілі, тағы біреу үшін миссия, жауапкершілік және өз идеяларын жүзеге асыру мүмкіндігі. Әр сайлау әр кандидаттың жарқыраған сыртқы "орамасы" мен әдемі сөздерінің артында, шын мәнінде не жатқанын сайлаушы біле алмайтын лотерея ойынына ұқсайтын секілді. Талғат Қалиев

Саясаттанушы Қасым-Жомарт Тоқаевтың ең бірінші Жарлығын ауылдың дамуына арнауын жақсы нышан деп қабылдайтынын да жеткізді.

Халықтың тең жартысынан жуығы ауылдық жерде тұратынын, ал қала тұрғындарының көпшілігі ауылмен тығыз байланысты еліміз үшін ауыл, шынымен де ерекше маңызға ие. Егер оның келбетін өзгерту, ауылдағы өмір стандарттарын қазіргі өркениет нормаларына жақындату мүмкін болып жатса, бұл елеулі жетістікке айналады. Ондайда келесі қадам аграрлық секторға жоғары технологиялық кадрларды тарту, ауыл шаруашылығы өндірісін дамыту және елімізді азық-түліктің ірі экспорттаушыларының біріне айналдыру болмақ. Талғат Қалиев

Айта кетсек, бүгін 26 қарашада Астанада Тәуелсіздік сарайында сайлауда жеңіске жеткен ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың салтанатты ұлықтау рәсімі өтті.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: