Еліміздің басым бөлігінде күн райы жауын-шашынсыз болады

Ауа райы болжамы, Қазақстан Сурет: pixabay
Синоптиктер 2022 жылғы 7 желтоқсанға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Республиканың басым бөлігіне ауқымды антициклон әсер етеді, соның әсерінен ауа райы жауын-шашынсыз болады.

Тек еліміздің оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында, шығысында атмосфералық фронтальды бөлімдердің өтуінен қар, көктайғақ, оңтүстігінде желдің күшеюі, елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде, оңтүстігінде, оңтүстік-шығысында тұман күтіледі."Қазгидромет" РМК

Астана қаласында көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Ауыспалы жел соғады, күші 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -28-30°С, күндіз -18-20°С болады.

Алматы қаласы: көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз . Жел 0-5 м/с. Ауаның температурасы түнде -8-10°С, күндіз -3-5°С болады.

Шымкент қаласы: көшпелі бұлтты, күндіз қар жауады. Солтүстік-батыстан жел соғады, күші 5-10 м/с. Ауаның температурасы түнде -10-12°С, күндіз -1-3°С болады.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз