135 млрд теңгені заңсыз қолма-қол ақшаға айналдырғандар сотталды
Ведомство ұсынған ақпаратқа сүйенсек, 2022 жылғы шілде айында Ұлттық қауіпсіздік комитеті кәсіпкерлік субьектілеріне заңсыз жолмен 135 млрд теңге сомасындағы қаражатты қолма-қол ақшаға айналдыру және салық төлеуден жалтаруға ұзақ уақыт бойы көмектесіп келген адамдарға қатысты ауқымды қылмыстық істі тергеуді аяқтады.
Заңға қайшы іс-әрекетке шетелдік азаматтарды қоса есептегенде 300 адам және 500 жуық жалған компания мен 5 мың контрагент тартылған болып шықты. ҚР ҰҚК баспасөз қызметі
Ұлттық қауіпсіздік комитетінің мәліметінше, 5 желтоқсанда Қарағанды қаласы Қазыбек би аудандық соты осы іске қатысы бар 20 фигурантты ҚР ҚК 216-бабы 3-тармағы және 28-245-бабы 3-тармағы бойынша кінәлі деп танып, әртүрлі жаза мерзімдеріне соттады.
Сондай-ақ Комитет өкілдері осы қылмысты тергеу тәжірибесі Қазақстан Республикасындағы көлеңкелі экономикаға қарсы іс-қимыл бойынша жұмыстың алгоритмін жасап шығаруға мүмкіндік бергенін бас айтты.