Жаңалықтар тізбегі
0

Украинадағы жағдай: электр қуатын өшіру кестесі енгізілді, Британия Украинаға оқ-дәрі жөнелтеді

Украина, Ресей, Ұлыбритания, АҚШ, Владимир Зеленский, сурет - Zakon.kz жаңалық 19.12.2022 23:18 Сурет: pexels
Зеленский Еуропадан әуе шабуылына қарсы қорғаныш, артиллерия және танкі сұрады. Ресейдің Сыртқы істер министрлігі АҚШ шиеленіске көбірек араласып жатқанын айтып, мұның соңы Ресеймен тікелей қақтығысқа әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.
  • Мемлекеттік Думаға жаңа заң жобасы енгізілді, оған сәйкес украиналық паспорты бар ресейліктер Ішкі істер министрлігіне тиісті өтініш берген бойда Ресейде Украина азаматы болып есептелуден қалады.
  • Ресей Федерациясы президентінің ресми өкілі Дмитрий Песков Батыс елдерінің Ресей мұнайына шекті баға енгізу туралы шешіміне жауап қайтару шаралары туралы Владимир Путиннің жарлығы бойынша жұмыс "аяқталып қалғанын" мәлімдеді.
  • Киев қалалық әскери әкімшілігі 19 желтоқсан, дүйсенбі күні таңертең ұшқышсыз ұшақтың шабуылы салдарынан маңызды инфрақұрылым нысанына зақым келгенін хабарлады.
  • Украинаның 10 облысы мен Киевте энергетикалық жүйедегі күрделі жағдайға байланысты электр қуатын апатты түрде өшіру кестелері енгізілді.
  • Украина президенті Владимир Зеленский Ұлыбритания, Норвегия, Швеция, Дания және Нидерланды билігінен Украинаға ә әуе шабуылына қарсы қорғаныш, артиллерия және танкілер беруді сұрады.
  • Ұлыбритания Украинаға құны 250 миллион фунт стерлинг болатын артиллериялық оқ-дәрі жөнелткелі жатыр, деп voanews.com.
  • Ресейдің Сыртқы істер министрлігі АҚШ шиеленіске көбірек араласып жатқанын айтып, мұның соңы Ресеймен тікелей қақтығысқа әкелуі мүмкін екенін мәлімдеді
  • Мария Захарова Грекияның Украинаға жіберген әскери техникасы діттеген жеріне жетпейтінін, оын Ресей қарулы күштері жойып жіберетінін мәлімдеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: