Қатардан жеңіспен оралған Аргентина футболшыларын күтіп алуға мыңдаған адам жиналды

Аргентинаның жанкүйерлері Сурет: pixabay
Аргентиналықтар Қатардан елге жеңіспен оралған ұлттық құраманы күтіп алу үшін әуежайға жиналды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Франция құрамасымен өткен ойында жеңіске жеткен Аргентина футболшылары елге таңертең жетіп, әуежай жанындағы жаттығу орталығында тынығып алады.

Кейін Буэнос-Айрестегі Обелиск монументі жанында жанкүйерлермен бірге тойлайды. Осы шара үшін бүгін күллі ел аумағында демалыс жарияланды, деп жазады qazaqstan.tv. 

Аргентина мен Франция футболшыларының кездесуі Әлем чемпионаты тарихында ең әсерлі финалдардың бірі аталып отыр.

Ақырғы матчта қос елдің ұлттық құрамасы тең түсіп, кейін пенальтиде Аргентина Францияны 4:2 есебімен жеңді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз