Жамбыл облысындағы екі ауданда атыс қаруы табылды

Жамбыл облысында қару тәркіленді заңсыз қарулар табылды Сурет: ҚР ІІМ
Жамбыл облысында 13 қару мен 345 патрон табылды. Тәркіленген қару ішінде автомат, тапанша, 2 тегіс және 7 ойық ұңғылы мылтық, сондай-ақ травматикалық тапаншалар бар, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мылтықтың бірі Мойынқұм ауданындағы 38 жастағы малшыдан, қалғаны Тараз қаласының маңында және аудандарда жасырылған жерінен табылды.

Кейбір қарудың нөмірі әдейі өшірілген. Олардың барлығына сот-баллистикалық сараптама тағайындалды, деп жазады qazaqstan.tv.

Түркістан облысында тәртіп сақшылары жеңіл автокөлік салонынан екі шолақ және бір аңшы мылтығын тәркіледі. Күдікті ретінде Кентау қаласының тұрғыны қамауға алынды. Сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз