Жаңалықтар тізбегі
0

Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері теракт пен билікті басып алуды дайындаған

Сот үкімі шықты, сурет - Zakon.kz жаңалық 21.12.2022 16:52 Сурет: freepik
Астана соты ҰҚК ақпаратының егжей-тегжейлерін хабарлады. Ішкі істер органдарының бұрынғы қызметкері 15 жылға бас бостандығынан айырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

2022 жылдың 28 қазанында елорданың Сарыарқа ауданының №2 соты Ш.-ға қатысты айыптау үкімі шығарды.

Бұған дейін ҰҚК сот процесі туралы хабарлаған болатын.

Сот айыпталушының Қазақстан аумағында қызметіне тыйым салынған уағызшылардың діни дәрістерін оқып, тыңдағанын атап өтті.

"Ішкі істер органдары қызметкерінің антын бұзып, билікті күшпен басып алуды және еліміздің конституциялық құрылысын өзгертуді көздейтін қылмыстық ниетпен жолға шығып, пікірлестерді іздеуге кірісті. Наразылық акциясын жинап, өзінің радикалды террористік идеяларын насихаттап, куәгерлерді 2022 жылғы 17 мамырда Астана қаласында өткен заңсыз митингіге қатысуға, одан кейін шет мемлекеттің елшілігінің ғимаратында террористік акт жасауға шақырған. Сонымен қатар, ол елдегі билікті күшпен басып алып, шариғат орнатқысы келген." Астана сотының баспасөз қызметі

Сот Ш.-ны Конституцияны бұза отырып, билікті күштеп басып алуға, билікті күштеп ұстап тұруға, мемлекеттің қауіпсіздігіне нұқсан келтіруге және конституциялық құрылысты күштеп өзгертуге, терроризмді насихаттауға, террористік іс-әрекетті ұйымдастыруға адамдарды тартып және даярлауға ықпал еткені үшін кінәлі деп таныды. Сондай-ақ ол терроризм актісін дайындаған. 

Прокурор сотталушыны 19 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Ш., өз кінәсін мойындамады, бірақ радикалды идеяларға берілгендігін жоққа шығармай, ақтауды өтінді. 

Сот жауаптылықты жеңілдететін мән-жайларды анықтаған жоқ. Жауапкершілікті ауырлататын мән-жай сотталушының берген антын бұзуы болды.

"Сот қылмыстардың ауырлығын ескере отырып, жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың жиынтығын негізге ала отырып, Ш.-ны 15 жылға бас бостандығынан айыру жазасына кесті.Сотталушы мен оның қорғаушысы сот үкіміне апелляциялық шағым түсірді. 2022 жылғы 13 желтоқсанда апелляциялық сот Ш.-ға қатысты үкімді өзгеріссіз қалдырды". Астана қаласы сотының баспасөз қызметі

Соттың үкімі заңды күшіне енді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: