Жаңалықтар тізбегі
0

Астана қаласының мәслихаты жаңа бесінші ауданның атауын бекітті

Астана, Нұра ауданы, Астана қалалық мәслихаты, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.12.2022 11:19 Сурет: primeminister.kz
Астананың сол жағалауындағы жаңа аудан "Нұра" деп аталатын болды. Бұл атау елорда мәслихатының кезектен тыс сессиясында мақұлданды, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Астана қаласының тілдерді дамыту және архив ісі басқармасының бастығы Сәкен Есіркеп 2022 жылғы 1 желтоқсанда ономастикалық комиссияның кезекті отырысы өтіп, онда жаңа аудан құру,  оған жаңа атау беру мәселесі қаралғанын еске салды. 

"Өздеріңіз білесіздер, Астанада бесінші аудан құру мәселесі көптен бері көтеріліп келеді. Бұл мәселе көтерілгелі бері зиялы қауым өкілдерімен, ғалымдармен бірлесіп, жаңа ауданға қандай атау беру керек екенін талқыладық. Ел тарихына, географиясына байланысты атауларды қарастырдық. Нәтижесінде ономастикалық комиссияның күн тәртібіне екі атау ұсынылды. Соның біреуіне тоқталып, "Нұра" деген атауды таңдадық. Өздеріңіз білесіздер, бұл – Қарағанды ​​және Ақмола облыстарының аумағында ағып жатқан өзен". Сәкен Есіркеп

Оның айтуынша, Нұра – Қазақстан географиясындағы маңызды өзендердің бірі, маңызды географиялық атау.

"Есіл мен Нұра жұптас өзен болып саналды. Осы символизмді ескере отырып, сол жағалауда Есіл мен Нұра аудандары болғаны дұрыс деп санадық". Сәкен Есіркеп

15 желтоқсанда Астананың жаңа ауданына "Нұра" немесе "Қараөткел" атауын беру ұсынылды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: