Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаев даңқты футболшы Пеленің қазасына байланысты Бразилия халқына көңіл айтты

Тоқаев даңқты футболшы Пеленің қазасына байланысты Бразилия халқына көңіл айтты, сурет - Zakon.kz жаңалық 30.12.2022 09:35 Сурет: Instagram/pele
Қасым-Жомарт Тоқаев даңқты футболшы, үш дүркін әлем чемпионы Пеленің қайтыс болуына байланысты Бразилия президенті Жаир Болсонаруға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мемлекет басшысы футбол тарихындағы ұлы спортшылардың бірі ретінде оның футболды бүкіл әлемге танытуға зор үлес қосқанын атап өтті, деп жазды Ақорданың Telegram арнасы

Президенттің айтуынша, Пеле әрқашан футболға деген адалдықтың символы әрі жанкүйерлердің сүйікті футболшысы болды және солай болып қала береді.

Сондай-ақ ол спорттың осы түрін ең жоғары деңгейге көтерді.

30 желтоқсан күні Бразилия футболшысы әрі ғасыр адамы, көпшілікке Пеле деген атпен танымал Эдсон Арантис ду Насименту дүниеден озды.

Пеле – әлемдік футбол тарихында үш рет әлем чемпионы атанған жалғыз спортшы (1958, 1962, 1970). Ол 92 матчта 77 гол соқты. Кәсіби мансабында Пеле 1 281 гол соққан, сонысымен де ол Гиннестің рекордтар кітабына енген.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: