Шымкенттегі көпқабатты үйден ер адамның мәйіті табылды

Адамның өлі денесі табылды, сурет - Zakon.kz жаңалық 09.01.2023 17:28 Сурет: ҚР ІІМ
7 қаңтарда сағат 00:40 шамасында Шымкент қаласы ПД Еңбекші ауданы Полиция басқармасының кезекші бөліміне Қазанқап ақын көшесіндегі үй тұрғындарынан көрші пәтерде жанжал болып жатқаны туралы хабарлама түсті.​

Жедел-тергеу тобы белгісіз адамдар аталған пәтердің тұрғынын, 42 жастағы ер азаматты ұрып-соққанын анықтады. Алынған дене жарақаттарынан ер адам оқиға орнында қайтыс болған.

Бұл дерек ҚР ҚК-нің 106-бабының 3-бөлігі (Абайсызда жәбiрленушiнiң өліміне әкеп соққан не қылмыстық топ жасаған денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру) бойынша СДТТБТ-ға тіркелді.

Сот-медициналық сараптама тағайындалды. Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеп-тексеру әрекеттері жүргізіліп жатыр.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: