Жаңалықтар тізбегі
0

Алматыда мерейтойлық цифрлық Digital Almaty 2023 форумы өтеді

Алматы дичитал , сурет - Zakon.kz жаңалық 10.01.2023 17:08 Сурет: Almatydigital.kz
2023 жылдың 2-3 ақпанында Алматыда V Халықаралық «Digital Almaty 2023: жаңа болмыстағы цифрлық әріптестік» цифрлық форумы өтеді, ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің баспасөз қызметі хабарлайды.

Форумның басты тақырыбы инновациялық технологиялар индустриясын дамытудың заманауи жаһандық сын-қатерлері болмақ.

Форумның іскерлік бағдарламасы 20 панельдік сессиядан тұрады, онда 150-ден астам спикерлер – халықаралық және Қазақстандық IT-қоғамдастық өкілдері сөз сөйлейді. Digital Almaty-ге әлемнің 30 елінен 15 мыңнан астам адам қатысады деп күтілуде. Панельдік сессияларда форумға қатысушылар өнеркәсіп салаларының автоматтандырудан цифрландыруға үдемелі көшуін, цифрлық майнинг перспективаларын, роботтандыруды қолдану салаларын, Еуразиялық өңірде IT-саланы дамытуды талқылайды.

Digital Almaty пленарлық отырысына Еуразиялық экономикалық одаққа (ЕАЭО) қатысушы елдердің үкімет басшылары қатысады. ЕАЭО елдері премьер-министрлерінің қатысуымен пленарлық сессияда талқылаудың негізгі тақырыбы тұрақты цифрлық инфрақұрылымды және телекоммуникациялардағы жаңа технологияларды дамыту болады. Спикерлер GovTech және FinTech даму перспективалары туралы әңгімелейді, сондай-ақ өңірде IT бизнесті одан әрі дамыту туралы көзқарасымен бөліседі.

Форумда ел технопарктерінің, халықаралық вендорлардың және венчурлік қорлардың көрмелері ұйымдастырылады. Көрме аймақтары Индустрия 4.0. және Innovation Center индустриялық өнеркәсіптегі инновациялар мен үздік IT әзірлемелерді көрсетеді.

Сонымен қатар, FinTech, Smart City, EDtech, GameDev, IoT, 5G, SaaS, Blockcain, Big Data, MedTech, Logistic&Travel және т. б. саласындағы жобалар көрмесін қоса алғанда, 100 жаңа жоба ұсынылатын стартаптар аллеясы да IT-саланың жетекші өкілдерінің қатысуымен технологиялық марафон, воркшоп ұйымдастырылады, жоғары оқу орындары мен бос орындар жәрмеңкелері. Дәстүр бойынша форум алаңында ASTANA HUB BATTLE технологиялық марафоны - үздік IT-стартап үшін шайқас өтеді. Шайқастың жүлде қоры $18 000 құрайды.

Форумға almatydigital.kz. сайтында тіркелу арқылы қатысуға болады.

Digital Almaty - бұл цифрлық күн тәртібін, цифрлық трансформацияның жаңа стратегияларын және цифрлық технологиялар саласындағы трендтерді талқылауға арналған дәстүрлі диалог алаңы. Форум 2018 жылдан бастап бесінші рет өткізіліп келеді. Іс-шараны ҚР цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі, ҚР Сыртқы істер министрлігі, Алматы қаласының Әкімдігі, Tech Garden және Astana Hub ұйымдастырады.

 БАҚ үшін байланыстар

  •  ЦДИАӨМ баспасөз хатшысы: Ерхан Таткен +7702 817 7617
  • Форумның PR-маманы, Tech Garden: Альбина Рамазан +7777 3139190
  • ASTANA HUB баспасөз қызметі: Асель Мухамбетова +7747 432 2056


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: