Алматыда қар әлі жауып жатыр

Алматы, қар, коммуналдық қызмет Сурет: Алматы қаласының әкімдігі
10 қаңтар күні түсте Алматыда қар жауа бастады. Ауа райы болжамы бойынша, қар тағы бір күн жауады. Қала әкімдігі 11 қаңтар күні таңертең қалада қар тазалау жұмыстары қалай жүріп жатқаны жөнінде ақпарат берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қалалық коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының мәліметінше, жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында жұмысшылар арнайы техниканың көмегімен жолдарға көктайғаққа қарсы материалдар сеуіп шықты.

Алматы, қар, көше

Сурет: Алматы қаласының әкімдігі

"Бұл аралықта 18 колонна қаланы аралап, қар күреді. Нәтижесінде 1260 текше метр қар шығарылды. Қазіргі уақытта қоғамдық орындарды, тротуарларды, жаяу жүргіншілерге арналған аумақтарды, қоғамдық көлік аялдамаларын, жерасты және жерүсті өткелдерін, көшелерді тазалау жұмыстары жүріп жатыр". Алматы қаласы коммуналдық инфрақұрылымды дамыту басқармасының баспасөз қызметі

Жалпы, басқармада атап өткендей, түнде қала көшелерінде 360 адам мен 460 арнайы техника, оның ішінде 204 сыпырушы жұмыс істеді.

"Қалада қар әлі жауып жатыр. Қала ішінде 15 см, таулы аймақта 20-25 см қар түсті", – деп хабарлады ведомствоның  баспасөз қызметі.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз