Жаңалықтар тізбегі
0

Синоптиктер елімізде алдағы күндері қатты аяз болатынын ескертті

Қазақстанда аяз жүреді, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 16:13 Сурет: pixabay
Синоптиктер 2023 жылдың 12 қаңтарында Қазақстанда ауа райы қандай болатынын айтты. Болжам бойынша, республиканың кейбір аймақтарында өте қатты аяз күтіледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

«Қазгидромет» РМК ақпаратына сәйкес, республика аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз аязды ауа райы сақталады.

«Түнде өте қатты аяз жүреді, Алматы, Түркістан және Жетісу облыстарының таулы аймақтарында (30-33 градус), Қарағанды, Ұлытау облыстарының шығысында өте қатты аяз болады (-40 градус),  Маңғыстау облысының солтүстік-шығысында да қатты аяз сақталады (20-24 градус), ал Жамбыл облысында ауа температурасы 30-33 градус төңірегінде сақталады», - делінген хабарламада.

Болжам бойынша республиканың оңтүстік-шығысында, шығысында, солтүстігінде қар жауады, аздаған боранмен жел күшейеді, оңтүстік-шығыста тұман күтіледі.

Синоптиктер 12 қаңтарда Астана, Алматы және Шымкент қалаларының тұрғындарын қандай ауа райы күтетінін де айтты:

  • Астанада ала бұлтты, кей жерлерде аздаған қар жауады, үсік жүреді. Оңтүстік-батыстан 9-14 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 27-29, күндіз 17-19 аяз;
  • Алматыда – көшпелі бұлт жүреді, жауын-шашынсыз. Жел 0-5 м/с. Ауа температурасы түнде 21-23, күндіз 15-17 аяз сақталады;
  • Шымкентте – көшпелі бұлтты, жауын-шашынсыз. Солтүстік-шығыстан 3-8 м/с жел соғады. Ауа температурасы түнде 24-26, күндіз 10-12 аяз болады.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Алматыда 2023 жылдың 12-13 қаңтарында мектеп оқушылары мен студенттері - 0, 1-11 (12) сынып оқушылары мен колледждердің I, II курс студенттері қашықтықтан оқуға ауыстырылады. Қалалық білім бөлімі мұны ауа райының қолайсыздығымен байланысты деп түсіндірді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: