Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе облысында 71 жолаушысы бар екі автобус жолда қалып кеткен

Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 18:40 Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі
Ақтөбе облысында жолаушыға лық толы екі автобус жолда қалып кетті. Бірі Ырғыз ауданынан 20 шақырымда, ал екіншісі Қарабұтақ ауылынан 2 шақырым қашықтықта "Самара-Шымкент" тас жолы бойында бұзылған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңірлік ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, автобус ішінде 40 жолаушы болған, оның 38-і - Өзбекстан Республикасының, тағы үшеуі Қазақстанның азаматтары болып табылады.


Төтенше жағдай, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 18:40

Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі


"Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жолдың жабық болу салдарынан барлық жолаушы Ырғыз ауылындағы орта мектепке орналастырылды. Сол күні Әйтеке би "Самара-Шымкент" тас жолының 968-ші шақырымында жолаушылар автобусы тұрғаны туралы ақпарат келіп түсті. Автобуста барлығы 31 Өзбекстан Республикасының азаматы болған. Ауа райының қолайсыздығына байланысты, жолдың жабық болу салдарынан барлық жолаушы Қарабұтақ ауылының мешітіне орналастырылды", делінген хабарламада.

Құтқарушылар көлік жүргізушілеріне жол жабық болған кезде жолға шықпау қажеттігін еске салады.


Қолайсыз ауа райы, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.01.2023 18:40

Сурет: Ақтөбе облысы ТЖД баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: