Астанада тротуарлар мен жолдардың мұзы тазартылып жатыр

Коммуналдық қызмет Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі
Соңғы күндері елорданың тротуарлары мен жолдарында ауа райының күрт өзгеруіне байланысты көктайғақ орын алған. Қаланың коммуналдық қызметтері тәулік бойы күреу жұмысын, сондай-ақ жол және жаяу жүргіншілер бөлігінің аумағын мұздан тазартуды белсенді жүргізуде, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі қазір қар күреу жұмысы белсенді жүріп жатқанын хабарлайды. Таңертеңнен бастап 2 мыңнан астам жол жұмысшысы мен 1000-нан астам арнайы техника жұмылдырылды.


Коммуналдық қызмет

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Өткен бір түнде елордадан 32 мың текше метр қар немесе 2 535 ауыр жүк көлігіне тең қар шығарылды. Қыс мезгілінің басынан бері полигондарға шамамен 2,2 млн текше метр қар мен мұз немесе 177 мыңнан астам рейс шығарылды.


Арнайы техника

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі


Сондай-ақ қаланың барлық ауданында – қоғамдық орындарда, кварталішілік аумақтарда, тротуарларда, аялдама павильондарында және т.б. құм-тұз қоспасын себу жүргізілуде.


Тазалық жұмыстары

Сурет: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Тайғақ жерлерде құлап, жарақат алмас үшін елорда тұрғындары мен қонақтары қозғалыс ережесін қатаң сақтауы керек.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз