Астанада күндіз 23 мың текше метр қар шығарылды

Қар, Астана, тазалау, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 22:43 Сурет: Астана қаласы әкімдігі
Елорданың коммуналдық қызметтері қар күреу және шығару жұмысын тәулік бойы үздіксіз жүргізіп жатыр. 10 қарашада күндізгі ауысымда коммуналдық қызметтер арнайы полигондарға 1 831 рейс жасап, шамамен 23 мың текше метр қар шығарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Астана әкімдігі сайтының мәліметінше, 11 қарашаға қараған түнде қар тазалау жұмысына 404 жол жұмысшысы мен 1 183 бірлік арнайы техника жұмылдырылады.

"Қыс маусымы басталғалы елордадан шамамен 154 мың текше метр қар шығарылды. Бұл 12 374 рейс ауыр жүк көлігіне тең. Басты көшелер мен қоғамдық көлік жүретін орындар бірінші кезекте тазаланады. Осыдан кейін қозғалысы орташа қарқынды аудандар – аулалар, алаңдар, тротуарлар және аялдамалар тазартылады", делінген хабарламада.

Астана әкімдігі қала тұрғындары мен қонақтарына жолдар мен тротуарларда барынша сақ болуды, қауіпсіздік ережелерін ұстануды және қолайсыз ауа райында алыс сапарларға шықпауды ескертеді.

Бұған дейін синоптиктер елімізге қолайсыз ауа райының тағы бір жаңа толқыны жақындап келе жатқанын ескерткен.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: