Қолайсыз ауа райының тағы бір жаңа толқыны жақындап келеді - синоптиктер

Қар, қолайсыз ауа райы, ауа райы болжамы, 11 қараша, сурет - Zakon.kz жаңалық 10.11.2025 18:25 Сурет: freepik
Қолайсыз ауа райының тағы бір жаңа толқыны жақындап келеді. Атап айтқанда, Қазақстанның кей өңірлерінде жауын-шашын көптеп түсіп, көктайғақ болатыны, боран соғатыны болжанады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы "Қазгидромет" РМК-ның баспасөз қызметі ұсынған, 2025 жылғы 11 қарашаға, алдағы сейсенбіге арналған болжамда айтылады:

"Атмосфералық фронтальды бөліктердің жылжуына байланысты Қазақстан аумағының басым бөлігінде ауа райының тұрақсыз сипаты сақталады, жаңбыр мен қар түрінде жауын-шашын болатыны болжанады, батыста нөсер жаңбыр жауады. Қазақстанның солтүстік-батысында, солтүстігінде, шығысында көктайғақ болып, жаяу бұрқасын жүреді".

Болжамға сәйкес, еліміздің басым бөлігінде екпінді жел тұрып, тұман түсетіні болжанады.

Бұған дейін синоптиктер еліміздің 13 өңірінде дауылды ескерту жариялаған болатын.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: