Жолдың көрінуі нашарлағандықтан үш облыста көлік қозғалысы шектелді

Жетісу облысы, Абай облысы, ШҚО, жол, "Қазавтожол" Сурет: Zakon.kz
Жол бойында көрінудің нашарлауына байланысты республикалық трассалардың 6 учаскесінде қозғалысқа шектеу енгізілді. "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ-ның Абай, Шығыс Қазақстан және Жетісу облыстарындағы өңірлік филиалдарының күштері күшейтілген жұмыс режиміне ауыстырылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Абай облысында тіркемелі мен жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін:

  • Омбы – Майқапшағай (Қалбатау ауылынан Көкпекті ауылына дейін);
  • Алматы – Өскемен автожолдарында (Аягөз қаласынан Қалбатау ауылына дейін) қозғалыс шектелді.

Сондай-ақ автокөліктің барлық түрі үшін қозғалыс төмендегі жол учаскелерінде шектелді:

  • Өскемен – Семей тасжолының Герасимовка ауылынан Семей қаласына дейінгі аралығы;
  • Омбы – Майқапшағай тасжолының Семей қаласынан Қалбатау ауылына дейінгі аралығы;

ШҚО-да тіркемелі және жартылай тіркемесі бар жүк көліктері үшін республикалық маңызы бар Алматы – Өскемен автожолының Қалбатау ауылынан Қасым-Қайсенов ауылына дейінгі аралығында қозғалысқа шектеу енгізілді.

Жетісу облысында Үшарал – Достық күре жолының Көктұма бекетінен Достық бекетіне дейінгі аралығында автокөліктің барлық түрі үшін қозғалысқа шектеу енгізілді.

Ұлттық компания көлік жүргізушілерге ауа райы болжамы мен тасжолдардағы ахуал туралы хабарламаларды ескеру қажет екенін ескертті.

"Штаттан тыс жағдай туындаса 1403 қысқа нөміріне қоңырау шалуға болады". "ҚазАвтоЖол ҰК" АҚ баспасөз қызметі


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз