Жеті өңірде көлік қозғалысы шектелді
Сурет: Zakon.kz
Кеше кешкілік еліміздің жеті өңірінде көлік қозғалысы шектелді. Шығыс Қазақстан, Абай және Павлодар облыстарында аязға байланысты жүк және қоғамдық көліктер үшін жолдар жабылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Жетісу облысында Үшарал қаласынан Абай облысына дейінгі жерде көлік қозғалысы шектелді.
Ал Қарағанды облысында «Қызылорда-Павлодар», «Қалқаман-Баянауыл-Үміткер-Керней-Ботақара» тасжолы және «Қарағанды-Аягөз-Бұғаз» бағыты арқылы жолға шығуға рұқсат етілмейді, деп жазады qazaqstan.tv.
Ақмола облысында «Астана-Ерейментау-Шідерті» бағытында қозғалыс шектелді. Ал Түркістан облысында көктайғаққа байланысты «Алматы-Ташкент-Термез» жолы жабылды.
Қазір республикалық маңыздағы жолдар ашық.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript