Жаңалықтар тізбегі
0

Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясын басқарғысы келетінін мәлімдеді

Илья Ильин Ауыр атлетика федерациясын басқармақ ниетте, сурет - Zakon.kz жаңалық 25.01.2023 13:57 Сурет: Instagram/ilyailyinforever
Зілтемірші Илья Ильин 25 қаңтарда Мәдениет және спорт министрлігі алқасында Ауыр атлетика федерациясындағы мәселелер туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Белгілі спортшы Илья Ильин ауыр атлетика федерациясында екі жылдан бері спорт менеджері болып жұмыс істейтінін айтты. Бұл ретте ол ондағы мәселелердің бар екеніне тоқталды.

"Ауыр атлетика федерациясының жұмысына алаңдап отырмын. Бір жылдан бері біз түсініксіз күйде болдық, ауыр атлетика федерациясының президентін таба алмай жатырмыз. Осыдан бір жарым жыл бұрын мен менеджер болып кіргенімде жаттықтырушылармен сөйлестім, үлкен мәселелер болды. Жігіт асылып өлген оқиға болды ... Бізге психологтар керек, біз команда жинауға міндеттіміз дедім, өйткені қиындықтар бар". Илья Ильин

Бірақ, оның айтуынша, проблемалық мәселелер бойынша ортақ пікірді пысықтау мүмкін болмады, нәтижесінде олар «екіге, содан кейін үшке бөлінді».

"Бізге облыстарды аралап, жеті сағат бойы жаттықтырушылармен сөйлесіп, спортымыз көміліп қалмас үшін түсіндіруге тура келді. Бұл еліміздегі ең көп медаль алған спорт түрлерінің бірі, оны сақтап қалуымыз керек.Кеше жаттықтырушылар телефон соғып: «Илья, бірдеңе істеу керек» деді. Олар команда болып жұмыс істеуді, ашықтық пен нәтиже беруді, үлкен мәселелерді шешуді ұсынады. Бірақ бізде проблемалар бар, медальдар алып келеді, содан кейін бірден допинг дауы басталады". Илья Ильин

Ол осы Федерацияны басқаруға дайын екенін мәлімдеді.

"Мен дайынмын, мен жетілдім, командаммен федерацияны өз қолыма алуға дайынмын.Иә, менде миллиондар жоқ, мен бай адам емеспін, бірақ мен бәрін білемін. Осы спорттың қыр-сырларын білем. Қолдау көрсетіңіз, мақсат қойыңыз, Олимпиада чемпионын таңдайық. " Илья Ильин

Бұған жауап ретінде Мәдениет және спорт министрлігінің басшысы Асхат Оралов «ол жерде жүйелі мәселелер барын» мойындап, спортшыға «бөлек кездесуді» ұсынды.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: