Қара алтын қайта қымбаттай бастады

Мұнай өнімдері қымбаттайды, сурет - Zakon.kz жаңалық 27.01.2023 11:03 Сурет: pixabay
Қара алтын қайта қымбаттай бастады. Әсіресе WTI маркалы мұнай бағасы қарқынмен көтеріліп келеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Баррелі 80 доллардан асты. Ал брент 87 доллардан сатылып жатыр.

Құнның өсуіне ең ірі тұтынушылардың бірі Қытайдан сұраныстың артуы себеп, деп жазады qazaqstan.tv.

Өйткені мұнда карантиндік шектеулер алынып, кәсіпорындарда жұмыс қыза түскен.

Бұдан бөлек АҚШ-та мұнай қорының сәл азайғандығы да бағаға әсер етті дейді сарапшылар.

Айтуларынша қара алтын құны 100 долларға жетуі мүмкін.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Пікірлер (0)
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: