Жаңалықтар тізбегі
0

Мекке мен Медина қаласына жолдама алған 50-ге жуық азамат алаяқтарға алданды

Қасиетті қажылыққа апарамын деп алдып кетті, сурет - Zakon.kz жаңалық 31.01.2023 10:26 Сурет: Zakon.kz
26 қаңтарда Еңбекші АПБ-ға алаяқтық жайты бойынша ерлі-зайыптылар арызданды. Күйеуі мен әйелі қасиетті мекен Сауд Арабиясына баруға “Каусар-травел” туристік агенттігі жолдама уәде еткенін жеткізді.

Олар өз қызметін 1 млн теңгеге бағалаған. Алайда, 13 қаңтарда шетелге ұшу керек болған ерлі-зайыптылар уәде етілген әуе билеттері мен елден шығу визасын ала алмаған.

Компания директоры қоңырауларға жауап бермей, жұмыс орнына іздеп барғанда ол жерде болмай шыққан. Осындай арыздармен полицияға аталған турагенттіктің алаяқтық құрбаны болған тағы 48 адам жүгінді.

Олар Шымкент және Алматы қаласының тұрғындары. Келтірілген жалпы шығын көлемі шамамен 33 миллион теңгені құрады.

Полиция басқармасында ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды және тәртіп сақшылары белгісіз бағытта жасырынған компания директорын іздестіруге кірісті. Оны іздеуге бес күн қажет болды.

Жедел іс-шараларды өткізу барысында Еңбекші АПБ-ның криминалдық полиция қызметкерлері ер адамның Алматыда жасырынып жүргенін анықтады. Ол Медеу АПБ-ның әріптестерімен бірге жалдамалы пәтерлердің бірінде ұсталды. Қазіргі таңда күдікті сот шешімімен қамауға алынды.

Сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Полиция зардап шеккендердің саны артуы мүмкін екенін жоққа шығармайды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: