Павлодарда ірі есірткі арнасы жойылды: мыңнан астам доза тәркіленді

Өңірде полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде ірі есірткі арнасы әшкереленді. Жергілікті тұрғын ұсталды. , сурет - Zakon.kz жаңалық 28.04.2026 09:54 Сурет: ҚР ІІМ
Өңірде полиция қызметкерлері жүргізген жедел іс-шаралар нәтижесінде ірі есірткі арнасы әшкереленді. Жергілікті тұрғын ұсталды.

Жеке тінту барысында одан сатуға дайын шамамен 60 орама табылған.

Күдіктінің пәтерін тінту кезінде полицейлер синтетикалық және психотроптық заттардың ірі партиясын анықтады. Мамандардың қорытындысына сәйкес, тәркіленген заттың жалпы салмағы 1,2 келі мефедронды құрайды. Сонымен қатар таразы, қаптама материалдары және қылмыстық әрекетті дәлелдейтін өзге де айғақ заттар алынған.

"Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қазіргі уақытта қажетті тергеу амалдары жүргізілуде, оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. Полиция қызметкерлері жеткізу тізбегін және ықтимал сыбайластарды анықтау мақсатында жедел-іздестіру жұмыстарын жалғастыруда", – деді Павлодар облысы ПД ҰҚҚБ бастығының міндетін атқарушы Диас Қадыров.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: