Павлодар облысында заңсыз айналымнан аса ірі мөлшерде есірткі заттары тәркіленді

Машина полиции, полицейский автомобиль, полицейские, полиция, автомобиль полиции, полицейская машина, патрульная машина, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2026 12:42 Фото: unsplash
Павлодар облысында ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел қызметкерлері облыстық прокуратураның үйлестіруімен жүргізген арнайы жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде Ақсу қаласында ер адам ұсталды.

Тінту барысында күдіктіден салмағы 11 келі болатын өсімдік тектес есірткі заты табылып, тәркіленді.

"Аталған дерек бойынша есірткі құралдарын, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын заңсыз иемдену, сақтау, тасымалдау, өткізу мақсатында жөнелту не өткізу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Сот санкциясымен күдікті қамауға алынды", – деп хабарлады Павлодар облысы ПД ҰҚҚКБ бастығы Ғабит Қабдрахманов.

Ведомство заңсыз есірткі айналымына қарсы күресте көмектесетін кез келген ақпаратты "102" нөмірі арқылы немесе "Police 102" мобильді қосымшасы арқылы хабарлауға шақырады.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: