Жаңалықтар тізбегі
0

Parimatch қазақстандық дрифт компаниясымен серіктестік құрғандығы туралы хабарлайды

Париматч болжам жасады, сурет - Zakon.kz жаңалық 01.02.2023 11:00 Сурет: parimatch.kz
Parimatch халықаралық беттинг бренді 2023 жылға жаңа серіктестермен және амбассадорлармен аяқ басты, компания Республикалық автомотоспорттың негізгі жарысы - Gorilla Drift Championship-пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойды.

Қазақстандағы бәсекеге қабілетті дрифт жас болса да, қарқынды дамып келе жатқан спорт түрі. Бұрын ол жергілікті жарыстарда экстремалды айдаудың жанкүйерлерін жинап, астыртын мәдениет саналатын, алайда 2014 жылы ынталылар командасы алдына үлкен мақсат қойды. Осылайша Республикалық Gorilla Drift Championship чемпионаты дүниеге келді.

"Еліміздегі дрифт жарысының тағдырына қауіп төніп тұрғаны белгілі болғанда, біз осы мәселені қолға алуды жөн санадық. Бірден «біз болмасақ кім?» деген ой келді. Содан бері көптеген турнирлер өтті, кейбіреулер үшін дрифт әлі де экзотикалық спорт түрі болып қала берсе де, қазақстандықтардың қызығушылығы артып келеді, ал жалпыға бірдей танылу үшін уақыт қажет деп сеніммен айта аламыз".Gorilla Drift Championship негізін қалаушысы және жетекшісі Артем Чекменев.

2023 жылы ұйымдастырушылар жаңа серіктесі – Parimatch беттинг-компаниясының қолдауымен жаңа деңгейге шығуды жоспарлап отыр. Бірінші маңызды жаңалық қатысушылар санының артуына байланысты Pro және Street Legal санаттары үшін бөлек чемпионаттар өткізу болмақ.

"Pro-чемпионатқа 30-ға жуық адам қатысады, бірақ соңғы маусымдарда бәсекелестік айтарлықтай өсті. Биыл Gorilla Drift Championship кәсіби дрифтерлер үшін 5 кезеңді қамтиды, ал әуесқойлар үшін жеке Gorilla Drift Street Legal турнирі жоспарланған. Бұл жаңа деңгейге жетелейтін, жалпы іс-шараның сапасын жақсарту бағытындағы тағы бір қадам және біз оны Parimatch-пен бірге бастағанымызға қуаныштымыз. Спортты сүйетін екі команда кездескенде, оның тек өсіп, дамитынына сенімді бола аласыз", - деп жалғастырды Артем Чекменев.

Серіктестік аясында Parimatch елдегі дрифт чемпионаттарының ресми өкілі атанды, сонымен қатар Қазақстанның кәсіби ұшқыштары мен чемпиондары – Антон Авдеев, Александр Бочкарев және Антон Шарымов секілді тұлғаларды амбассадоры ретінде таныстырды.

Parimatch беттинг-компаниясы тарапынан автомотоспорт бағытындағы іс-шараларды ұйымдастыру және өткізу барысында, сондай-ақ чемпионаттар туралы ақпаратты таратуда қолдау көрсетіледі. Компания спорттың осы түрін дамыту үшін өз үлесін қосатынын хабарлады.


"Дрифтинг – мықты серіктесті қажет ететін спорт. Parimatch сияқты десек артық болмас. Спорттың осы түрін дамыту жолында мақсатымыз бен көзқарасымыз ұйымдастырушы топпен сәйкес келгеніне қуаныштымыз. Біріксек көп нәрсеге қол жеткізе аламыз". Parimatch Kazakhstan ұйымының бренд-маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: