Let the drift begin: 2023 жылғы Gorilla Drift Championship-тің 1 кезеңінің басталуы
2023 жылғы 16 сәуірде СТК Sokol автодромында дрифттен Қазақстанның бірегей чемпионатының бес кезеңінің біріншісі өтеді. Биыл оны Астана, Алматы, Екібастұз және басқа қалалардың үздік пилоттары ашпақ, чемпионатқа көршілес Өзбекстан, Қырғызстан және Ресейден келген қонақтар да қатысатын болады.
Бірінші кезеңнің басталуы 2023 жылдың 15 сәуіріне жоспарланған. Бұл күні жиналғандар қатысушылардың дайындығына куә болып, жаттығуларын тамашалай алады. Жаттығу күні сағат 12:00-де басталып, 19:00-де аяқталады деп күтілуде. Дрифт әлемімен енді танысып жатқан жандар үшін бұл негізгі жарыс күнінің алдында оның атмосферасын сезініп, тамаша әсер алудың керемет мүмкіндігі.
Алайда 16 сәуір, жексенбі күні жанған резеңкенің иісін, бәсекелестік рухын және жанкүйерлердің қолдауын толыққанды сезінуге болады. Негізгі жарыс күні келесі кесте бойынша өтеді:
- Жаттығудың басталуы: 9:00-10:45;
- Біліктілік: 11:00-13:30;
- Жүргізушілердің шеруі: 14:00;
- ТОП-24: 14:30;
- ТОР-16: 16:30;
- ТОП-8: 17:30;
- ТОП-4, ФИНАЛ: 18:00;
- Марапаттау рәсімі: 19:00.
Жарқын көріністен бөлек жиналған қонақтарды Чемпионаттың ресми серіктесі Parimatch халықаралық беттинг компаниясының ұйымдастырған ойын-сауықтық аймағы күтетін болады. Корнхол, бодибаланс, кикер и сабсокер - бұл брендтің жоспарлаған белсенді шаралараның кейбірі ғана.
"Gorilla Drift Championship-пен ынтымақтастық орнату - біз үшін жаңа тәжірибе алу мүмкіндігі. Биыл біз алғаш рет автоспортта өзімізді барынша белсенді көрсете алдық., соның нәтижесінде біздің серіктестігіміз жақсы басталды. Бәріміз драйв пен адреналиннен қуат алып, бірге бастаған жұмыстан игі әсер алудамыз. Бұл шара бізді ілгері жүруге ынталандырады. Алдағы іс-шараларды одан да қызықты және қарқынды ету мақсатында біздің платформамызда чемпионаттың алғашқы ресми желісі іске қосылды. Бұл жыл дрифт жанкүйерлерінің есінде жарқын шоуларымен және ерекше форматымен 100% қалары анық", - деп Parimatch Қазақстан компаниясының бренд-маркетинг жөніндегі директоры Надежда Рязанцева өз ойын жеткізді.
Еске сала кетейік, Чемпионатты Қазақстан Республикасы Спорт және туризм министрлігінің қолдауымен ҚР АСФ жанындағы Дрифт комитеті ұйымдастырады және ол ҚР Автомотоспорт федерациясының сайтында жарияланған Қазақстандағы спорттық жарыстардың ресми күнтізбесіне енгізілген.
БАҚ өкілдеріне арналған ақпарат:
1-кезеңге өтінімдер 14 сәуір, жұма күні сағат 18:00-ге дейін қабылданады.
Баспасөз брифингі 15 сәуірде сағат 12:00-де, 16 сәуірде сағат 10:30-да ұйымдастыру шатырында өтеді (БАҚ өкілдеріне кіру 15 сәуірде сағат 11:50-де, 16 сәуір 10:20-да жабылады).
Брифингке қатыспағандар алдын ала аккредитациядан өткен болса да жарысқа жіберілмейді.
Естеріңізге сала кетейік, аккредитациядан өткен тұлға фототүсірілім жасаған жағдайда, түсірілген жоғарғы сападағы фотосуреттерді баспасөз қызметіне srs_098@mail.ru электрондық поштасына іс-шара өткеннен кейін 5 күннен кешіктірмей жіберуге міндеттеледі.
Бейнетүсірілім жасаған жағдайда жоғарғы сападағы бейне материалды баспасөз қызметіне srs_098@mail.ru электрондық поштасына іс-шара өткеннен кейін 14 күннен кешіктірмей жіберуге міндеттеледі.
СТК Sokol автодромының жол картасы сайтында орналасқан.