Жаңалықтар тізбегі
0

Астанада ер кісі бір әдіспен 6 такси жүргізушісін алдап кеткен

такси, сурет - Zakon.kz жаңалық 11.02.2023 01:47 Сурет: polisia.kz
Астанада ер кісі такси жүргізушісінің телефонынан хабарласып аламын деп сұрап алып, кейін қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Тергеу барысында күдікті такси шақырып, сауда ойын-сауық орталығына жеткені анықталды. Ер адам қажетті орынға жеткен соң такси жүргізушісінен қоңырау шаламын деген сылтаумен ұялы телефонын сұрап, жүргізушіні дереу қайтып келетініне сендіру үшін, көлікке бос әмиян немесе блокнот қалдырып, сауда ойын-сауық орталығына кіріп кеткен.

Такси жүргізушілері оны кіре берісте бір сағаттан астам күткен. Осы кезде күдікті сауда орталығына кіріп, такси жүргізушісінің телефонынан жүргізушінің таныстарына жедел түрде ақша жіберуді сұрап хабарлама жазған. Азаматтар күдіктенбестен, такси жүргізушісіне ақша жібереді, сол сәтте күдікті түскен ақшаларды дереу терминалға аударған. Ақша мен ұялы телефонды алып, кейін телефонды өшіріп тастап, тығылып қалған. Осылайша, ол 6 такси жүргізушісін алдап үлгерген.

Есіл аудандық полиция басқармасының криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері жедел-іздестіру іс-шаралары барысында елорда тұрғындарының ұялы телефонын алаяқтық жолмен иемденіп кеткен 32 жастағы ер адамды ұстады.

Сонымен қатар полицейлер оның хостелден ұялы телефон ұрлығына қатысы барын анықтаған.

"Аталған фактілер бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдікті кінәсін мойындады, заттай айғақтар тәркіленді. Ер кісі Астана полиция департаментінің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның астана аумағында жасалған осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр".Polisia.kz
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: