Астанада 8 жасар баланы қаққан жүргізуші оқиға орнынан қашып кеткен
![полиция, сурет - Zakon.kz жаңалық 26.01.2023 23:12](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-2d4c7fd2-2af4-4ddb-bc03-856c9224a019/800x532.webp)
Астанада жүргізуші 8 жасар баланы қағып, оқиға орнынан қашып кеткен, деп хабарлайды Zakon.kz.
Оқиға кеше, 2023 жылғы 25 қаңтарда сағат 12:10-да болған.
"38 жастағы жүргізуші "Ауди" маркалы автокөлігін айдап келе жатып, Қосалқы көшесімен Аманат көшесіне қарай бұрылғанда 8 жасар жаяу жүргіншіні қағып, кварталаралық жолмен қашып кеткен. Жол апатынан кейін жүргізуші қыздың өздігінен тұрғанына көз жеткізіп, оқиға орнынан кетіп қалған. Осы уақытта астана тұрғыны болған оқиғаға бей-жай қарамай, қызды медицина орталығына апарған, онда оған қажетті көмек беріліп, ата-анасына хабар берілген. Апат салдарынан бала дене жарақатын алды, - делінген Астана полиция департаментінің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.
Полицейлер іздестіру іс-шаралары кезінде астананың 38 жастағы тұрғынын ұстады. Қазір жүргізушіден осы факті бойынша жауап алынып жатыр.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript