Екібастұзға барған Роман Скляр "Павлодарэнерго" АҚ басшысын орнынан алды

Жұмыс сапары Сурет: Константин Шелков
Екібастұзға жұмыс сапарымен барған ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары Роман Скляр "Павлодарэнерго" АҚ бас директорының жұмысын қатаң сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Үкімет төрағасының бірінші орынбасары соңғы үйлерді және жалпы қаланы жылумен жабдықтауды реттеу мәселесі қалай шешілетінін сұрады. Алайда "Павлодарэнерго" АҚ бас директоры Вадим Лесиннің жауабына Роман Склярдың көңілі көншімеді.  

"Сіздің айтып тұрған көрсеткіштеріңіз адамдарға ештеңе бермейді, тұрғындар үшін ең бастысы пәтерлерінің жылы болғаны керек. 65-66 градус температурада және дұрыс гидравликалық режимде пәтерлерде қалыпты температураға қол жеткізуге болады деп нақты айта аламын Сізге. Ал мынауыңыз түкке жарамайды. Менің тапсырмаларымды орындамағаныңызбен қоймай, жағдайды жарытып түсіндіре де алмайсыз".
Роман Скляр

ҚР Премьер-министрінің бірінші орынбасары  бүгін "Павлодарэнерго" АҚ акционерлерінен оны қызметінен босатуды талап ететініне жеткізді. Кейін Роман Скляр "ОАЭК" АҚ директорлар кеңесінің мүшесі Сергей Канмен телефон арқылы сөйлесіп, бұл мәселе түпкілікті шешілді.

Айта кетсек, Роман Скляр Екібастұзға жұмыс сапары аясында қаланың әлеуметтік нысандарына барып, бірқатар кездесулер өткізеді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз