Астаналықтар жіберген 4 тонна гуманитарлық көмек Түркияға жетті

Астаналықтар жіберген 4 тонна гуманитарлық көмек Түркияға жетті, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік әуе жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді. Алғысымызды білдіреміз", - делінген елшілік таратқан хабарламада.

Cурет: Түркия Республикасының Астанадағы елшілігі

Сурет: Түркия Республикасының Астанадағы елшігі
Астанадағы қамқор жандардың жер сілкінісінен зардап шеккендер үшін Елшілігімізге жеткізген 4 тонналық көмек материалдары Түрік Әуе Жолдары арқылы қайырымдылық қорларымызға жіберілді.
— Türkiye in Kazakhstan (@tcastanabe) February 11, 2023
Алғысымызды білдіреміз.🇰🇿🇹🇷 pic.twitter.com/qtqW8bjQyq
Елшілік бұған дейін Түркиядағы жер сілкінісінен зардап шеккендерге шатыр, генератор, көрпе, жылытқыш, көрпе қаптар керек екенін хабарлаған еді. Көмек материалдарын тұрғындар елшілікке жеткізе алады.
Бөлісу
0
Толық оқу