Жаңалықтар тізбегі
0

Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушыға Алматыдан сүйінші хабар жетті

Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушының қызы дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2023 13:07 Сурет: pixabay
Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушының бүгін қызы дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда бүгін, 12 ақпанда Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға қатысып жатқан Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Біржан Байқұловтың қызы дүниеге келді.

Сәбиге Ясмина деген есім берілген.

Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушының қызы дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2023 13:07

Біржан Байқұлов. Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

"Біз ержүрек құтқарушымызды қызының дүниеге келуімен құттықтаймыз және оған зор денсаулық, ал Біржанның өзіне Отанына тезірек аман-есен оралуын тілейміз!"Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі

Түркиядағы жер сілкінсінен зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде 100-ден астам құтқарушы аттанды.

Төтенше жағдайлар министрлігінің 12 ақпан cағат 10:44-тегі мәліметіне қарағанда, қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан жеті адамды аман алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырған.

Сонымен бірге олар қаза тапқан 39 адамның, оның ішінде екі баланың денесін үйінді астынан шығарған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: