Алматыдағы ірі өртті сөндіріп жатқан қызметкерге сүйінші хабар жетті

барахолка, өрт, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.08.2023 16:05 Сурет: видео скрині
Алматыдағы ірі өртті сөндіру кезінде №8 өрт сөндіру бөлімінің бастығы, азаматтық қорғау капитаны Азат Темірбаевтың қызы дүниеге келді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Төтенше жағдайлар министрлігінің хабарлауынша, бұл – көпбалалы отбасындағы төртінші бала. Азат Темірбаевтың үлкен ұлдары 15 және 11 жаста, қызы 8 жаста.

Азамат Темірбаев бүгін Алматының Жетісу ауданындағы қоймаларда шыққан өртті сөндіруге қатысып, үш учаскесінің бірін басқарған. Ол бұл салада 21 жылдан бері жұмыс істеп келеді.


Азамат Темірбаев ірі-ірі өрттерді сөндіруге атсалысы, ондаған адамның өмірін сақтап қалған.

Еске салайық, бүгін, 12 тамызда таңғы 7-лер шамасында Алматының Жетісу ауданындағы Москвин көшесінде қоймалар өртенді.

Мақаламен бөлісу
Мақаламен бөлісу:
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: