Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушыға Алматыдан сүйінші хабар жетті
![Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушының қызы дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2023 13:07](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-9bba7653-e48e-4483-b8eb-988785a00a28/800x533.webp)
Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметінің хабарлауынша, Алматыда бүгін, 12 ақпанда Түркиядағы жойқын жер сілкінісінің зардаптарын жоюға қатысып жатқан Төтенше жағдайлар министрлігінің республикалық жедел-құтқару жасағының бас құтқарушысы Біржан Байқұловтың қызы дүниеге келді.
Сәбиге Ясмина деген есім берілген.
![Түркияда жүрген қазақстандық құтқарушының қызы дүниеге келді, сурет - Zakon.kz жаңалық 12.02.2023 13:07](https://kaz.zakon.kz/pbi/WEBP/2023-12-20/file-87e223d0-4d99-41e9-8501-50da435a9ded/563x800.webp)
Біржан Байқұлов. Сурет: Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
"Біз ержүрек құтқарушымызды қызының дүниеге келуімен құттықтаймыз және оған зор денсаулық, ал Біржанның өзіне Отанына тезірек аман-есен оралуын тілейміз!"Төтенше жағдайлар министрлігінің баспасөз қызметі
Түркиядағы жер сілкінсінен зардап шеккен аудандарындағы іздестіру-құтқару жұмыстарына көмектесу үшін Қазақстан шұғыл түрде 100-ден астам құтқарушы аттанды.
Төтенше жағдайлар министрлігінің 12 ақпан cағат 10:44-тегі мәліметіне қарағанда, қазақстандық құтқарушылар үйінді астынан жеті адамды аман алып шығып, медицина қызметкерлеріне тапсырған.
Сонымен бірге олар қаза тапқан 39 адамның, оның ішінде екі баланың денесін үйінді астынан шығарған.