Алматы облысында отыз мыңнан астам тұрғыны бар ауылды су басты
Сурет: pixabay
Алматы облысына қарасты Ұзынағаш ауылында 50 шақты үйдің ауласын су басты. Тасқын су тіпті кей баспаналардың ішіне де кірген, деп хабарлайды Zakon.kz.
Толассыз жауған жаңңбыр мен еріген қар суы ондаған көшені де шайып кетті.
Амалдың жоқтығынан тұрғындар қолдан жасалған соқпақпен жүріп-тұруға мәжбүр. Қызыл су, тіпті, үйлерге кірген. Салдарынан біршама отбасы баспаналарын тастап кеткен, деп жазады qazaqstan.tv.
Жағдайды қалыпқа келтіруге аудандық ТЖБ мамандары мен әскерилерді қоса алғанда 30 адам және 8 техника жұмылдырылған. Бірақ, бұл 30 мыңнан астам халқы бар Ұзынағашты қызыл судан арылтуға жеткіліксіз. «Сондықтан баспаналары мен аулаларын су шайған тұрғындар тағы бірнеше күн күтуі керек», - деді аудан әкімінің орынбасары.
Өйткені, техника таудан келетін судың арнасын бұрумен әлек.
Ұзынағаш ауылында ағынды суларға арналған 30-дан астам арық бар. Бірақ, оның басым бөлігі тазартылмаған. Қазір 5 насоспен ауылдағы суды сорғызу жұмыстары жүріп жатыр. Тұрғындарға келген шығын әлі есептелмеген, ал зардап шеккендердің мүлкі өтеле, өтелмей ме ол жағы да әзірге белгісіз.
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript