Жаңалықтар тізбегі
0

БҚО-дағы тікұшақ апаты кезінде қаза тапқан төрт адамның кімдер екені белгілі болды

Қайғылы оқиға, сурет - Zakon.kz жаңалық 23.02.2023 20:57 Сурет: Zakon.kz
ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитеті ТЖМ-ның құтқару тобы тікұшаққа келіп-жеткенін, қайғылы оқиға салдарынан 4 адам қаза тауып, 2 адамның зардап шеккенін хабарлаған. ҚР ТЖМ опат болған төрт адамның тікұшақ экипажы екенін нақтылады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Тікұшақтың жерге бар екпінімен қонуы салдарынан ҚР ТЖМ "Қазәуеқұтқару" қызметкерлері қаза тапты. Біздің қызметкерлер". ҚР ТЖМ-ның ресми өкілі Руслан Иманқұлов.

Алдында оқыс оқиға сағат 16:05-те орын алғаны хабарланған. "Қазавиақұтқару" АҚ-ға тиесілі МИ-8 тікұшағы "ҚазТрансОйл" АҚ-тың магистральды мұнай құбырлары желісін жоспарға сай көктен шолып, Атырауға кері оралғанда Орал әуежайынан 54 шақырым жерде бар екпінімен қонған

ҚР ИИДМ Азаматтық авиация комитетінің мәліметінше, бортта 5 экипаж мүшесі және екі жолаушы болған. Құзырлы ведомство аталған оқиға салдарынан 4 адамның қаза тауып, екі адамның зардап шеккенін жеткізді.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: