Қазақстандықтар депозитті қай елдерде ұстағанды ​​жөн көреді

ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті, декларация, депозит Сурет: Zakon.kz/Максим Золотухин
Қазақстандықтар депозитте қанша сома ұстайды және оны қай елде сақтағанды жөн көреді? Бұл сұраққа ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитеті жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

2021 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша кірістер мен мүлік туралы декларацияда шетелдік банктерде шоттары бар 354 жеке тұлға туралы мәлімет берілген. Оның 138-і лауазымды тұлға.

"Жалпы ақша сомасы – 1 665 746 550 доллар (529 132 842 427 теңге). Шетелдік банктердегі ең көп сома БАӘ-де – 308 миллиард теңге, Сингапурда – 158 миллиард теңге және Швейцарияда – 36 миллиард теңге", –  деп хабарлады Мемлекеттік кірістер комитеті.

2022 жылы алғаш рет табысы мен мүлкі туралы декларацияны мемлекеттік қызметшілерден басқа ұлттық компаниялар мен холдингтердің, банктердің, қаржы және сақтандыру ұйымдарының басшылары, депутаттар, әкімдер, сондай-ақ мемлекеттік қызметке, мәслихат депутаттығына кандидаттар, олардың жұбайы және т.б. тапсырды. 

Мемлекеттік кірістер комитеті Салық кодексіне сәйкес, кірістер мен мүлік туралы декларация жеке тұлғаларға Қазақстан Республикасынан тыс орналасқан шетел банктеріндегі банк шоттарында АЕК-тің 1000 еселенген мөлшерінен ( 2023 жылы 3 450 000 теңге) асатын ақша туралы ақпаратты көрсетуге арналғанын еске салды.

Сондықтан мемлекеттік кірістер органдарында республикадан тыс жерлердегі аз мөлшердегі депозиттер жөнінде ақпарат жоқ.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
0
Толық оқу
Басты Топ LIVE Бәрі
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз