Жаңалықтар тізбегі
0

Тоқаевтың Түркияға жұмыс сапары аяқталды

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 22:00 Сурет: akorda.kz
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркия Республикасына жұмыс сапары аяқталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Ақорданың баспасөз қызметі Түркия тарапының Қазақстан Президентін шығарып салған сәтінің фотоларын жариялады.

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 22:00

Сурет: akorda.kz

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 22:00

Сурет: akorda.kz

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 22:00

Сурет: akorda.kz

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 22:00

Сурет: akorda.kz

Тоқаев, сурет - Zakon.kz жаңалық 16.03.2023 22:00

Сурет: akorda.kz

Еске салайық, кеше, 15 наурызда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Анкараға жұмыс сапарымен барды. 

Қасым-Жомарт Тоқаевты Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған "Кулие" резиденциясында қарсы алды. Ердоған шақыруын қабыл алып, Анкараға келгені үшін Қазақстан Президентіне алғыс айтты.

Екіжақты келіссөз аяқталғаннан кейін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев пен Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитіне қатысу үшін Конгресс орталығына бірге барған.

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркияға үлкен ауыртпалық әкелген аса жойқын жер сілкінісінен қаза тапқандардың туған-туыстарына және бүкіл Түркия халқына тағы да көңіл айтты. Президент апат аймағында Қазақстанның әлеуметтік нысан салып беруге дайын екенін айтты.

Түркі мемлекеттері ұйымының кезектен тыс саммитінің қорытындысы бойынша бірнеше құжатқа қол қойылды.
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: