Жаңалықтар тізбегі
0

"Ауыл" партиясынан Мәжіліске кімдер депутат болатыны белгілі болды

Ауыл партиясынан депутаттар бекітілді, сурет - Zakon.kz жаңалық 28.03.2023 10:26 Сурет: auyl.kz
27 наурызда «Ауыл» халықтық-демократиялық патриоттық партиясы Саяси кеңесі Төралқасының отырысы өтті. Онда 19 наурызда өткен Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі депутаттарын сайлаудың қорытындысы бойынша алынған сегіз депутаттық мандат үлестірілді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осылайша, «Ауыл» ХДП Саяси кеңесі Президиумының бірауыздан шешімімен келесі құрам бекітілді:

  • Дайрабаев Жигули Молдақалықұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДП төрағасының орынбасары, Қазақстан фермерлер қауымдастығы басқармасының төрағасы.
  • Егізбаев Серік Рахметоллаұлы, партия мүшесі, Ауыл шаруашылығы, ақпарат және әлеуметтік даму вице-министрі.
  • Әбден Қарақат Жақсылыққызы, партия мүшесі, «Қазақ қызы» ҚБ президенті (әйелдер квотасы бойынша).
  • Баққожаев Анас Ахатұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары.
  • Саурықов Ерболат Байұзақұлы, партия мүшесі, «Ауыл» ХДП Жамбыл облысы бойынша облыстық филиалының төрағасы, Ш.Мұртаз атындағы Тараз халықаралық инновациялық институтының президенті.
  • Арсютин Николай Геннадьевич, партия мүшесі, «Ауыл» ХДПП төрағасының орынбасары.
  • Зейнуллин Аян Талғатұлы, партия мүшесі, «СПК Астана» АҚ өндірістік директоры (жастар квотасы бойынша).
  • Серіков Таңсәуле Ғабдыманапұлы, партия мүшесі, С.Сейфуллин атындағы ҚазАТУ оқытушысы (инклюзивті қоғам өкілдеріне арналған квота бойынша).
"Мандаттарды бөлу кезінде әйелдер, жастар және мүгедектер үшін 30 пайыздық квотаны сақтау талаптары сақталды". "Ауыл" ХДП баспасөз қызметі

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы жариялаған нәтижелер бойынша «Ауыл» ХДП 10,9% дауыс жинап, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына мандат алды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: