"Ақ жол" партиясынан Мәжіліс мандатын кімдер иеленгені белгілі болды
"Ақ жол" партиясы пленумының бірауыздан шығарған шешіміне сәйкес, Мәжілістің депутаттық мандаттары келесі кандидаттарға сеніп тапсырылды:
Барлыбаев Ерлан Хайланұлы - экономист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
Бейсенбаев Ержан Алмабекұлы – жас бизнесмен, "BIGLIFE" ЖШС тәуелсіз директоры, Жетісу облысы;
Еспаева Дания Мәдиқызы - финансист, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
Иса Қазыбек Жарылқасынұлы – ақын, партия төрағасының орынбасары, ҚР Парламенті Мәжілісінің VII шақырылым депутаты;
Перуашев Азат Тұрлыбекұлы – партия төрағасы;
Садықов Асқар Аманбайұлы – бизнесмен, партияның облыстық филиал төрағасы, Ақтөбе облысы.
Айта кетсек, 27 наурызда Орталық сайлау комиссиясы мәслихаттар мен ҚР Парламенті Мәжілісінің кезекті сайлауының қорытындысын шығарды. Қазақстан Орталық сайлау комиссиясы мәліметтеріне сәйкес, Қазақстан "Ақ жол" демократиялық партиясына 535 139 қазақстандық дауыс берді. Сайлау қорытындысы бойынша "Ақ жол" Мәжілісте 6 депутаттық мандат алды.
Алдында Қазақстан Халық партиясы Мәжіліске өткен депутаттарының кандидатурасын бекіткені хабарланған болатын.