Жаңалықтар тізбегі
0

Екі адвокат, екі депутат: Біз Парламенттен тікелей эфир жүргізетін боламыз!

Бақытжан Базарбек, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 18:40 Сурет: Facebook/Жанарбек Әшімжан
Бүгін, 29 наурызда ҚР Парламенті Мәжілісінің Заң және сот құқықтық реформа комитетінің алғашқы жиналысы өтті. Бұл туралы жаңадан сайланған депутат Бақытжан Базарбаев айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның айтуынша, отырыста комитет мүшелері, комитет аппараты, жалпы регламент таныстырылған. Ол комитет отырыстарын Facebook арқылы тікелей эфирден жүргізуді ұсынған, сөйтсе түсірілім жүргізіліп, YouTube-ке салынатын болып шыққан. 

"Абзал Құспан екеумізге Facebook-те комитет отырыстарын тікелей эфирде өткізуді талап етуімізге тура келді. Заң және сот құқықтық реформа комитетінің барлық отырыстары ашық өтсін, қоғамнан, халықтан ешнәрсе жасырылмауы тиіс. Әрбір қазақстандық, қандай заң жобасы қаралып отыр, кім қандай уәжі бар, кім не айтты, кім қандай ұсыныс жасады, ол ұсыныс халықтың мүддесін қолдай ма, соның барлығы ашық болуы тиіс. Яғни, біз жиналыстың барысын видеоға түсіріп, не болмаса Facebookте тікелей эфир өткізіп ашық көрсетуіміз тиіспіз", деп жазды Бақытжан Базарбек Facebook-те.

Ол өз ұсыныстарын комитет қабыл алғанын жеткізді.

"Келесі жиналыста заң жобалары ашық талқыланады. Талқылауларды видеоға түсіремін немесе тікелей эфир жүргіземін. Өзгеріс орын алатын уақыт келді, мен сол үшін де Парламентке келдім. Мүмкіндік зор, ерік-жігер де жетрлік".Бақытжан Базарбек

Сөз оңында ол бәрі енді ғана жаңадан басталып жатқанын жеткізіп, көпті елеңдетіп қойды.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: