Жаңалықтар тізбегі
0

Депутат Ринат Зайытов: Құттықтауларыңыз емес, тілектеріңізге мұқтажбын...

Әлеуметтік желі, сурет - Zakon.kz жаңалық 29.03.2023 19:24 Сурет: Facebook/Ринат Заитов
29 наурызда Парламент қабырғасында Қазақстан халқына ант берген VIII сайланған Мәжілістің жаңа депутаттарының арасында азулы айтыскер ақын Ринат Зайытов та болды , деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистерді билікті сынағыш ақынның "Amanat" партиясынан депутаттық мандатқа ие болуы қызық болса керек, аталған отырыстан кейін дәлізге шыққан саясаткерлер арасынан оны жазбай тауып алды.

"Мен қарсы болған биліктің жартысы жоқ. Онымен келісетін шығарсыздар?! Ал қазіргі билікпен енді жұмыс істейміз. Оның нәтижесінің қандай болатынын бір Құдай біледі... Мен Қазақстанның дамуын һәм өркендеуін қолдаймын. Белгілі бір адамдарды, топтарды қолдайтындардың қатарынан емеспін. Осының аражігін ажыратып алыңыздар. Депутаттарда "мен Президентті қолдаймын, мен мына министрді қолдаймын" деген болмауы керек", – деді ол осы сауалға дайын екенін білдіріп.


Ринат Зайытовтың Парламент қабырғасында Қазақстан халқына ант беру сәті.

Сондай-ақ Ринат Зайытов құттықтауларға емес, тілектерге мұқтаж екенін, өзіне сәттілік тілесе, одан артық бақыт жоғын жеткізді.

"Армысыздар туысқандар. Бүгін ресми Парламент Мәжілісінің депутаты атандым. Әуелі- Жаратушы, сонан соң Халықтың қолдауы. Ендігі кезекте сол сенімді ақтау керек. Бұйырса, алдағы уақытта әлеуметтік желіде әрбір қадамымды Халыққа хабарлап жасайтыным анық. Саясаттанушы-сымақтардың айтып жатқан шала болжамдары мен негізсіз айыптарына тек іспен жауап берейін! Ескерте кететін бір нәрсе бар, жаңа парламент бір күнде жаңа мемлекет орнатпайды. Сондықтан кез-келген депутатты жасаған жұмысына қарап талқылауларыңызды сұраймын. Егер бізге айтар ұсыныстарыңыз болса, түсінікті тілде жазып жолдап отырыңыздар. Құттықтауларыңыз емес, тілектеріңізге мұқтажбын. Сәттілік тілесеңіздер бақыттымын. Жан-жағыма қарасам, жалғыз емес сияқтымын. Жаратушы жар болғай!", деп жазды ол Facebook-тегі парақшасында.


Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: