Жаңалықтар тізбегі
0

Серік Күдебаев халықаралық іздеуге жарияланды

Серік Күдебаев халықаралық іздеуге жарияланды, сурет - Zakon.kz жаңалық 03.04.2023 10:56 Сурет: Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің баспасөз қызметі
Алматы облысы полиция департаментінің бұрынғы басшысы Серік Күдебаев 2023 жылдың 3 сәуіріндегі сотқа келмеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Осыған байланысты Серік Күдебаевқа халықаралық іздеу жарияланды.

2022 жылдың 13 мамырында Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы бойынша күдікті деп танылғаны белгілі болды. Бас прокуратураның хабарлауынша, Алматы облысы ПД бұрынғы басшысына «ауыр зардаптарға әкеп соққан қызметтегі әрекетсіздік» деген күдік бар.

2023 жылдың 31 қаңтарында Серік Күдебаев қаңтар оқиғасы кезінде Талдықорғаннан не үшін кеткенін айтты.

28 ақпанда прокурор Алматы облыстық полициясының бұрынғы басшысы Серік Күдебаевты 9 жылға бас бостандығынан айыруды сұраған.

Серік Күдебаев 2020 жылдың қаңтарынан бері Алматы облысының полиция департаментінің бастығы қызметін атқарды. 2022 жылдың 18 ақпанында ішкі істер органдарынан өз еркімен босатылған.

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: