Жаңалықтар тізбегі
0

Ақтөбе әкімдігі "Бақытты отбасына" іліккендерге тиесілі үйді өзгелерге беріп жіберген

Бақытты отбасы, сурет - Zakon.kz жаңалық 20.04.2023 00:43 Сурет: видео скрині
Ақтөбеде мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алмақ болғандар баспана жетпей қала ма деп қорқады. Өйткені "Бақытты отбасы" бағдарламасына іліккендерге арналған үйді әкімдік өзге біреулерге беріп жіберген, деп хабарлайды Zakon.kz КТК телеарнасына сілтеме жасап.
"Қазіргі таңда өтіп отырған 344 анамыз, бізге айтқан есебі бойынша. Бірақ мына 36, 37, 22-үйді қосқанда бар болғаны 142 пәтер, оның өзінде 48 пәтерді апатты деді төтеншеліктер. Мен өз көзіммен көріп, кілтті тапсырып жатқанын видеоға түсірдіп қайттым. Бізге нақты жауабын берсін! Қашан конкурс ойнатады? Неше пәтер беріледі? Қанша адам өтеді? Өтпей қалғандар не істейді?" Ақтөбе тұрғыны Жанар Нәрікбаева

Былтыр "Бақытты отбасы" бағдарламасы бойынша пәтер алуға байқаудан 344 отбасы өтіпті. Олардың барлығы мүгедек бала бағып отырған және көпбалалы аналар. Әзірге құрылысы біткен үйлерден оларға 150-дей пәтер бөлінген екен. Бірақ соның қырықтан астамын үйі құлағылы тұрған тұрғындарға беріп жіберді. Енді айналдырған 114 пәтер кімге жетеді деп налиды жиналғандар.

Ал шенеуніктер былтыр "Бақытты отбасы" бағдарламасының шарты өзгергенін алға тартады. Бұрын ескі үйден де пәтер алуға рұқсат бар болса, енді мемлекеттік бағдарламамен тек жаңа үйден ғана пәтер беріледі екен. Онымен қоса, байқаудың екінші іріктеу кезеңі бітпеген. 344 отбасының табысын әлі банк тексеруі қажет дейді әкімдіктегілер.

"Бұл кісілер нақты мына үйдің, мына үйдің иесі деп айта алмаймыз. Бұл кісілерге әлі конкурс бар, екінші кезең бар. Яғни пәтерді таңдау кезеңі бар. 344 адам өзара тең конкурсқа қатысып, өзара жарысады. Кім, мысалы, мүгедек баласы бар жанұя таласып қалса, кім ертерек тұрды, сол жеңімпаз болады".Ақтөбе тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы Жандос Әлімов
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:
Бөлісу
Если вы видите данное сообщение, значит возникли проблемы с работой системы комментариев. Возможно у вас отключен JavaScript
Жаңалықтар трендінде болыңыз!
Хабарландыруларды қосыңыз және алдымен расталған жаңалықтарды алыңыз.

Браузерде хабарландыруларды кез келген уақытта өшіруге болады

Біздің хабарландыруға жазылыңыз!
Хабарландыру қосу үшін қоңырау белгісін басыңыз
Беттегі қате туралы хабарлаңыз
Мәтіндегі қате: